Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасы бойынша, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, еліміздің аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын өз қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ дерекқорына» белгіленген тәртіппен ұсынуы тиіс.✅Осыған орай, жыл сайын 1 қаңтардан 31 наурызға дейін тапсырылуы тиіс есептерді қабылдау мерзімі Esep.govtec.kz платформасы жүйесінде орын алған техникалық ақауларға байланысты өзгертілді. Атап айтқанда, «Ақпараттық жүйелердің техникалық үйлеспеушілігі және жүйе жұмысында анықталған қателер туралы акт» негізінде «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылды.
♻️Осыған байланысты, барлық үкіметтік емес ұйымдарды белгіленген мерзімге дейін қажетті мәліметтерді толық әрі сапалы түрде ұсынуға шақырамыз. Уақытылы және дұрыс тапсырылған есептер ұйым қызметінің ашықтығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік қолдау шараларына қатысу мүмкіндігін де кеңейтеді.










