Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 7, 8, 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Мереке күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір жерлерде бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. 7-9 мамыр аралығында батыста, 8-9 мамырда солтүстік өңірлерде нөсер жауын болжанып отыр.
Оңтүстік өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, ал шығыста 9 мамырдан бастап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыста күндізгі ауа температурасы +18…+28 градус шамасында болады, солтүстікте ауа температурасы +18…+23 градусқа дейін төмендейді, орталықта +20…+28 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+33 градус болады, шығыста +25…+30 градусқа дейін жоғарылайды.
Фото: massaget.kz










