Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Талай тілшінің мектебі

Талай тілшінің мектебі

Балалықты кейінге қалдырып, мектеп қабырғасында ес кірген сәттен мені алға жетелеген арман көп болды. Солардың бірі – журналистика мамандығы еді. Оған себеп көгілдір экран ішіндегі сол кездегі танымал БАҚ өкілдеріне деген қызығушылық болатын.
Оқушы кезден-ақ шаңырағымызға келетін «Толқын» газетінің әр санын, одан бөлек балаларға арналған «Ұланды» ұнатып оқитын едік. Түрлі конкурстар, балалар шығармашылығын шыңдау мақсатында берілетін тапсырмаларға жауап ретінде хат жолдап, оның «Ұланның» бетінде жарық көрген сәтіндегі қуанышым әлі есімде.
Сондықтан болар, жоғарғы сыныптарға қадам басқан сәтте ойланбастан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға қатыса бастадым. Жүлдесіз болмадым. Бірақ...
Иә, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан соң арманым бір сәтте алыстап кетеді деп ойламаппын. Олуақыт технология мен компьютердіңендіғанақарқындыдамибастағансәтіеді. Құжатымыздықолтыққақысып, түрлібілімордаларынбеткеалған мен қас пен көздіңарасында информатика пәнімұғаліміболыпшығакелдім. Жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығы түгесілген уақытта мұғалімдік дипломды қолға алып, сол жолдатағы алты жылды алға оздырдым.
Алайдашығармашылықтаналыстамай, поэзия және проза жанрындатүрлідүниелержазыпжүрдім. Олкөпшіліктіңкөзінетүскенімен, көкейімдекөнеребастағаналғашқыармандарымныңбірінежетелепалыпкеледідеген ой болмапты.
2016 жыл. Мамырайының басы. Осыдан тура 10 жылуақытбұрын редакция есігіне бас сұғып, иісітаныс«Толқын»газетінің бас редакторы ШымкентбайЖылмағанбетовағамменкездестім. Қолымдамайдангератамжайлыжазылғанестелікке толы мақалам бар. Кеңкабинеттіңтөріндеотырған редактор баласынбады. Ескітанысындайамандық-саулықсұрасып, қағазымакөзжүгіртіпөтті де, басы изеді. Осы әрекетініңөзіменіңтөбемдікөккежеткізді. Мақаламды алып қалды.
Ол кезде мен шалғай ауылда мұғалімдік етіп жүрген уақытым болатын. Көп ұзамай газет те қолыма тиді. Артынша редакцияда бос орын барын естіп, ағамның алдына тағы келдім. «Тілегенге – сұраған» деген осы шығар. Қабілет-қарымымды байқаған болар, талабымнан тартпады. Осылайша маусым айында мұғалімдікті журналистикаға айырбастап, арманым ақиқатқа айналды.
Бұл журналистикаға жасаған алғашқы қадамым болатын. Алайда қалам ұстағанның барлығы тілшілік тіршіліктің ағысына ілесе алады деу қиын екенін сонда түсіндім. Әр сөзге мән беріп, сауаттылықтан бөлек елдің тыныштығын, қоғамның келбетін көркем суреттеп қана қоймай, ақиқаттың да ақ жалауының астында жүру қажет. Міне, осының барлығын үйреткен, бағытымызды түзеп, артығымызды күзеп жүретін – Шымкентбай аға болатын.
Ол тек редакция қызметкерлерінің ғана емес, көпшіліктің ағасы болды. Бұл сөзіме куәлік ете алатын жандар көп. Бүгінгі қоғамда, қарбалас уақытта қара бастың қамына уақыт таппайтын кезеңде Шәкең өзгеше өмір сүрді. Болмысымен, салиқалығымен ерекшелене алды. Осында қызмет келген соң шаңырақ көтердім. Бірде кабинетіне шақырып алып, «айналайын, сен менің баламдай адамсың. Азамат болып, бір отбасының тірегі атандың. Енді жауапкершілік жүгі артады. «Үйлену – оңай, үй болу – қиын» деп бекер айтылмаған» деп әңгімесін бастап, өзінің өмірлік өнегесін, бастан өткен қиындықтарға қалай қарсы тұрып, оны жеңе білгенін айтып берді.
Бұл тек бір ғана мысал. Қарамағындағы журналистерді жеке шақырып, бос уақытында «Көңілдеріңде алаң болмауы керек. Уайымы бар адамның жұмысы да өрге баспайды. Қандай мәселе болса да айтыңдар, ақыл сұраңдар. Мен сендерге бөтен адам емеспін. Қолымнан келгенше көмегімді аянып қалмаймын» деп әркез ақыл-кеңесін айта жүретін.
Көп ұзамай арнайы репортаждар, ауыл-аймақтың тынысын, жолсапарлар басталды. «Аман-сау барып келдің бе? Енді көрген-білгеніңді толықтай жазып шық» деп қанаттандырып, әр мақаланы бір оқымай алдынан өткізбейтін. Біз де сол тәртіпке әбден бейімделдік. Айтқан сыны санамызға сынадай қағылып, жатталып қалды. Соның нәтижесінде өзімізге деген сенімділік те артты.
Зейнет демалысына аттанар шақта ұжым бірі – әкесін, бірі – ағасын шығарып салғандай толқыныста болды. «Мен зейнетке кетсем де сендер барсыңдар. «Шымкентбайдың шәкірттері» деп ел мақтап жүрсін. Мен де марқайып қаламын. Талабы бар баласыңдар. Талпыныңдар, қанаттаныңдар, еңбек етіңдер, Құдай талаптыға тілегенін береді» деп батасын беріп кетті. «Сыр Медиа» ЖШС-ның Шәкеңді зейнет демалысына шығарып салу шарасында көрсеткен құрметі адал еңбектің дәмі қаншалықты қадірлі, тәтті болатынын сезіндік.
Біздің байланысымыз бұдан кейін де тоқтамады. Әркез қажет кезінде ағалық ақылын айтып, қуанышын бөлісіп отырды. Аралға келген әр сапарында «құтты шаңырақ» деп «Толқынға» соқпай кетпейтін. Баспадан жарық көрген барлық кітабын өзінің қолтаңбасымен редакция мүшелеріне тапсырып, мекемедегі барлық өзгеріске куә болып жүрді.
Міне, осындай азаматтың өмірден өткені ауыр тиді. Журнаслист қана емес, журналисттердің ұстасынан айырылып, тілшілердің мектебі құлағандай болды. Арамыздан алыстағанына 40 күн толған ағамыздың Алла алдын жарық еткей.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
10 мамыр 2026 ж. 71 0