Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық желтоқсаншылар — өңіріміздің мақтаныштары

Аралдық желтоқсаншылар — өңіріміздің мақтаныштары

Бүгін Руханият орталығында «Еламан Әбдіреев атындағы аралдық желтоқсаншылар» қоғамдық бірлестігінің мүшелері бас қосып, биылғы атаулы дата — Желтоқсан-86 көтерілісінің 40 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстан патриоты» төсбелгісін кеуделеріне тақты.

Аралдық желтоқсаншылар — өңіріміздің мақтаныштары. Олардың жүріп өткен қилы да қиын жолы еліміздің Тәуелсіздігіне бастау болды. Намыстың найзағайындай жарқ еткен желтоқсан қаһармандары тоталитарлық империяның іргесін шайқалтып, оның күйреуін жеделдетті. Әрқайсысының айбынды ұрандары кәрі құрлыққа тарап, қанды құрсаудың соңғы күндерін жақындатты.
Бұл — ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен азаматтарға деген құрмет пен тағзымның айқын көрінісі.

11 мамыр 2026 ж. 64 0