«МЕНІҢ ҚЫЗМЕТІМ ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін жетілдіру және Конституциялық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында «Менің қызметім және Конституция» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Қаратаевтың төрағалығымен өткен жиын барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптарын сақтау, қызметтік жауапкершілікті арттыру, кәсіби әдеп қағидаларын ұстану және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Бұл кездесуде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заң талаптарына сай тиімді қызмет ету дағдыларын жетілдіру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын дәріптеу бағытындағы жұмыстарға ерекше мән берілді.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Арал аудандық Қоғамдық Даму бөлімі 










