Алдағы күндері қатты жаңбыр жауады
Қазгидромет 19, 20, 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.19 мамырда антициклон республиканың солтүстігіне, шығысына және орталығына әсер етіп, ауа райы жылы болады. Ал батыс және оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел соғады, кейбір жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
19 және 21 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында, 19-21 мамыр аралығында Жамбыл облысында қатты жаңбыр болжанып отыр.
Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Батыста, оңтүстікте +27…+35 градусқа дейін, шығыста +20…+28 градусқа дейін күн жылынады.
20-21 мамырда солтүстік циклон әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 21 мамырда күндіз Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы +10…+18 градусқа дейін, ал елдің орталығында +15…+23 градусқа дейін төмендейді.
Фото: depositphotos.com










