Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫМБАТТЫ БОЛУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА

СЫМБАТТЫ БОЛУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА

Адам анадан сырт бейнесі сұлу болып туылуы мүмкін. Адам сұлулығы оның бет мүшелерінің жұрт мойындаған әдемілігі мен олардың үйлесімділігіне, бойының сымбаттылығына, үнінің әуезділігіне, шырайының тазалығына, көзінің нұрлылығына, шашының жібектей төгілгендігіне байланысты сипатталады. Бұлар адамның көңілі мен жүрегін баурап алатын сымбаттылық белгілері. Мұндай белгілер бойынша сұлу болуды әрбр адам қалайды, бірақ ол үшін тілек жеткіліксіз. Сымбатты болғыңыз келсе, төмендегі нұсқауларға құлақ түріңіз.  
•    Спорт пен дене шынықтыруға көңіл бөліп, дене мүшелеріне арналған гимнастикалық жаттығулардың қажеттілерін анықтап, жүйелі жасау керек. Гимнастикалық жаттығулар бет, мойын, кеуде және арқа, құрсақ және бөксе сан бұлшық еттеріне арналған деп бөлінеді. Оған арналған жаттықтырғыштарды залдарда ғана емес, үй жағдайында да пайдалануға болады.
•    Артық тамақтанудан аулақ болып, нормамен дәруменді тағамдарды пайдалануды әдетке айналдырған жөн. Алайда ашығып, асқазан ауруына шалдығудан сақ болу керек. Низами 
«Шақтап жесең, рақатын көресің,
Көп құнықсаң, кіріптар боп өлесің»,- дегендей, «ұлы адамдардың барлығы тамақты тарта ішетін болған» (О.Бальзам).
•    Ұйықтау уақытын дұрыс анықтап, көп ұйықтауға үйір болмаған дқрыс. Сол сияқты өте аз ұйықтау да зиян екенін ұмытпау қажет. Абай ұйқыны арсыз деп атап көрсетуі тегіндік емес.
•    Тазалық адамның өң-түсінің шырайлығына, тұла бойының сәнділігіне, айналасына тартымдылығына әсер етеді. Сол себепті тазалықты сақтауға тырысу керек.
•    Ағзадағы қан айналымының қалыпты болуына жағдай туғызу үшін моншаға, саунаға түсу шарттарын дұрыс орындау қажет. «Сауна - өзіне еңбектеп болса да жете алатын адамның бәріне пайдалы»,- деп финляндиялықтар тегін айтпаса керек.
•    Косметикалық өнімдерді үйлесімді пайдалануға әдеттенген жөн. Косметикалық массаж тері мен оның астында жатқан еттерді сылау, дірілдету, ысқылау арқылы тітіркендіріп, тері проблемаларын емдеудің тәсілі ретінде қолданылады, теріні ескіруден қорғайды.
•    Шашты сәндеудің түрлі тәсілдерін қолдана білу дағдыларына ие болу керек, өйткені шаш адамға көрік беріп, әдемілендіре түседі. Көптеген жігіттердің көзі  қыздардың қолаң, толқынды шашына, әсем өрілген бұрымына түседі.
•    Мың бір хидаста: «әдемі киім кию де имандылық», - деп жазылған.  Киім  таңдау мен оны кию эстетикалық талғамды байқатады.
•    Кез келген жағдаятты сабырлылықпен, байыппен, ұстамдылықпен шешуге үйрену керек. Жүйке жүйесінің жұқаруы сымбатты болуға кері әсер етеді. Сәл нәрсеге жылап, айналасына ашу шақырып, долылық таныту ең алдымен сол адамның өзіне кері ықпал етеді.

Дереккөзі: http://www.kyzdaralemi.kz/
http://reactor.inform.kz
12 мамыр 2019 ж. 2 746 0