Жетес би ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті
Бүгін Жетес би ауылдық округінде жоспарлы кестеге сәйкес ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, аудандық мәслихат депутаты Алипов Болатбек Ғалитұлы және ауылдық округ әкімі Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы қатысты.Кездесу барысында округ әкімі Дайрабай Баймұратұлы ауылда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар жөнінде баяндады.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, аталған мәселелері бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде сөз алған партия филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы халықпен кері байланыстың маңыздылығына тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Аудандық мәслихат депутаты Болатбек Ғалитұлы да тұрғындардың сауалдарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Ол ауылдың дамуы үшін жергілікті билік пен тұрғындардың бірлескен әрекеті маңызды екенін атап өтті.



#АМАНАТ










