40 градусқа дейін ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 6, 7, 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ та жаууы мүмкін.
6-8 маусымда батыста, 6 маусымда солтүстікте, оңтүстік-шығыста, 8 маусымда солтүстік-батыста қатты жаңбыр болжанып отыр.
Күндізгі ауа температурасы:
батыста +20…+30 градусқа дейін төмендейді;
солтүстікте +28…+35 градусқа дейін жоғарылайды;
орталықта +30…+38 градусқа дейін,
оңтүстікте +35…+40 градусқа дейін,
оңтүстік-шығыста +30…+39 градусқа дейін,
шығыста +30…+37 градусқа дейін ыстық болады.
massaget.kz










