Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Заңсыз келушi-2026" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

"Заңсыз келушi-2026" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

2026 жылдың маусым айының 8-12 күндер аралығында Арал теңізі станциясы КПб қызмет көрсету учаскесінде заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында "Заңсыз келушi-2026" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көші-қон заңдылықтарының бұзылуы, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен оның арналарын, сондай-ақ, сот шешімімен ҚР-нан тысқары шығарылған және болу мерзімі бұзылған шетелдіктерді анықтау. Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара шетелдіктермен көші-қон заңдылықтарының сақталуына бақылау жүргізуге және рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруға бағытталған.

Арал теңізі ст. КПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев
08 маусым 2026 ж. 40 0