Шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде
Аудан бойынша ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 11 мамырдан басталды. Италиялық прус зиянкестеріне қарсы бүгінгі күнге дейін барлығы 18 773 гектар жерге Атанши, Аққұм, Беларан, Қосаман, Сазды, Сапақ ауылдық округтерінде улау жұмыстары жасалды.
Саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы барлығы 2365 гектар жерге Ақирек, Бекбауыл, Аманөткел, Бөген ауылдық округтерінде заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Азиялық шегіртке бойынша Бекбауыл ауылдық округінде 100 гектар жерге улау, заласыздандыру жасалды.
Залалсыздандыру жұмыстарына аудан бойынша барлығы 1 ұшақ, (АН-2), 5 жер агрегаты (УАЗ, ГАРД), 5 дрон, 3 РАНС және 19 қызметкер жұмылдырылды.
Алдағы уақытта дала зиянкестері көп шоғырланған аймақтарды байқаған жағдайда төмендегі байланыс нөмерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.










