АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚОРҒАУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

- Биылғы жылы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық күрес жұмыстарына келісім шарт негізінде 4 арнайы жер агрегаттары, 2 аса жеңіл ұшақ, 1 дана ұшақ және 3 дрон, қосымша 3 ұшақ, 10 жер агрегаты - барлығы 23 техника қатыстырылды. Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын тиімді ұйымдастыру-үйлестіру мақсатында,аудандар бөлінісінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жөнінде «2025 жылы Қызылорда облысында шегіртке зиянкестерімен күрес шараларының іс-жоспары» жасалынды. Жол картасына сәйкес, маусымдық кезеңде облыс көлемінде шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізуге 4 жұмысшы топ жұмылдырылды. Осыған сәйкес, өңдеу жұмыстары жүргізілетін әр ауылдық округтер бойынша қажетті техникалар, зертеушілер мен жауапты мамандар бекітіліп, тиісті деңгейде жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, сауда базарларына жүргізілген қадағалау нәтижесінде биыл 75 әкімшілік айыппұл салынды,- деді Мұхтар Әуесұлы
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі