Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау маңызды

Биыл жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесімен 2025 жылы жатаған у кекіреге қарсы – 97,5 га қауын шыбынына қарсы 1750 га калифорниялық қалқанша сымырына қарсы – 34,5 га арамсояуға қарсы – 427,87 га жерге өңдеу жұмыстары жүргізілмек. 

«Облыс аумағында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күресу шараларын ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде жұмыс тобының құрамы бекітілді. Жол картасына сәйкес, маусымдық кезеңде облыс көлемінде шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жүргізуге 4 жұмысшы топ жұмылдырылады. Жалпы облыс аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілетін қүресу шараларына 324 адам қатыстырылады. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен маусымдық жұмысқа 230 зерттеуші маман тартылмақ. Қазіргі уақытта жоспарына сәйкес, болжам әдістемелік орталығы шегрітке зиянкестерінің қыстап шыққан күбіршектеріне көктемгі мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Мұхтар Әуесұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі