Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Актив отырысы өтті

Актив отырысы өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтті.
Басқосуда аудан әкімі осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Арал аудандық аумақтық инспекция басшысы қызметін атқарып келген Абылайхан Әуезхановқа басқа қызметке ауысуына байланысты құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.
Аудандағы өсімдіктерді қорғау саласы бойынша ерекше қауіпті зиянды организм шегірткеге қарсы күрес шараларын жүргізудегі еңбегін ерекше бағалап, осы қызметтегі салаға қатысты өзге де жұмыстарының айтарлықтай нәтиже көрсеткендігіне тоқталды.
Жаз мезгілінде шабындықтар мен жайылымдық жерлерге және егіс алқаптарына қауіп төндіретін зиянкестермен күресте өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен ақтай білген А.Әуезханұлына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Оның жұмысына куә, еңбегін бағалайтын алдыңғы аға буын өкілдері ерекше ризашылығын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
13 қыркүйек 2024 ж. 99 0