Зиянкестермен күреске күш салынды

Аталған жағдайлардан кейін көктемгі-жазғы маусымға арналған мониторинг жұмыстары шұғыл түрде басталып, 145,6 мың гектарға жоспарланған аумақтың қазіргі таңда 5,7 мың гектары зерттелді. Осы жұмыстар нәтижесінде нақты өңдеу аумақтары мен техника түрлері анықталып, іске қосылды. Атап айтқанда, Аққұм, Қарақұм, Жіңішкеқұм және Қосаман ауылдық округтеріндегі шаруашылық жерлерінде 5 дана жер агрегаты, Қарақұмда 2 дана аса жеңіл ұшақ, Саздыда 3 дрон көмегімен химиялық өңдеу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 7 742 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстары сәтті жүзеге асты.
Жұмыс сапасын арттыру мақсатында техникалық жабдықтау мен мердігерлік қолдау да кеңейтілуде. Бүгіннен бастап мердігер тарапынан АН-2 әуе көлігі қосылып, күрделі рельефті өңірлерді қамтуда. Бұдан бөлек, Сазды ауылында 3 дрон мен 5 РАНС аппараты, Шижағада 2 жер агрегаты мен 5 РАНС аппараты, Тоқабайда 1 жер агрегаты мен 2 дрон, Қосаманда 1 жер агрегаты мен 1 РАНС, Қарақұмда 7 жер агрегаты, 2 дельтаплан және 23 РАНС аппараты жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, Аралқұм, Сапақ, Жіңішкеқұм, Бекбауыл ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалықтар мен мемлекеттік жер қорларында зиянкестерден залалдану деректері тіркелді. Осыған байланысты Сапақ ауылдық округінің Көктем елді мекенінде орналасқан шаруа қожалық жерлерінде 157 гектар аумақ арнайы техникамен өңделді.
Аудан бойынша тіркелген тағы бір ерекше жағдай – Қарақұм ауылдық округіндегі Көкаша елді мекенінде зиянкестердің тұрғын үйлер ауласына дейін кіріп кеткендігі. Бұл елді мекенде 4 үй орналасқан. Қазіргі уақытта бұл аймақ толықтай бақылауға алынып, қажетті шаралар қолданылуда. Қалған ауылдық округ орталықтарында зиянкестердің басып кіру деректері тіркелмеген.
"Толқын" ақпарат