Барсакелмес қорығындағы құстарды бақылаудың көктемгі декадасы
Көктем мезгілі – табиғаттың жаңарып, құстардың туған жеріне қайта оралатын ерекше кезеңі болып табылады. Осыған орай мектепте «Құстарды бақылаудың көктемгі декадасы» ұйымдастырылып, оқушылар табиғат әлемімен тереңірек танысты.Декада барысында оқушылар Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездесетін құстар туралы мәліметтер жинақтады. Барсакелмес қорығы – сирек кездесетін жануарлар мен құстар мекендейтін, табиғаты ерекше қорғалатын аймақтардың бірі. Қорықта қоқиқаз, аққу, бірқазан, бүркіт секілді көптеген құс түрлері кездеседі.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімдерін дамыту және құстарды қорғауға тәрбиелеу болды. Декада аясында танымдық сағаттар, сурет байқаулары, викториналар ұйымдастырылып, оқушылар құстардың тіршілігі мен табиғаттағы маңызы туралы мағлұмат алды.
Сонымен қатар оқушылар көктемде құстардың тіршілігін бақылап, олардың қоршаған орта үшін маңызын түсінді. Құстар – табиғат тепе-теңдігін сақтайтын тіршілік иелері. Сондықтан оларды қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осындай табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар жас ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады.
Ж. Қалдығұлова
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы РММ











