Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік жойылып бара жатқан түрлер күні

Дүниежүзілік жойылып бара жатқан түрлер күні

Жойылып бара жатқан түрлерді қорғау – адамзаттың ортақ міндетіӘлем бойынша мамыр айының үшінші жұмасына сәйкес келеді. Дүниежүзілік жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері күні аталып өтеді. Бұл күн – адамзаттың биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесіне назарын аударуға бағытталған маңызды күн.Қазіргі таңда мыңдаған жануар мен өсімдік түрлері жойылып кету қаупінде тұр. Оған себеп – климаттың өзгеруі, заңсыз аңшылық, ормандардың кесілуі, ластану және адамның табиғатқа немқұрайлы қарауы. Әрбір түр – табиғаттың ажырамас бөлшегі. Бір түрдің жойылуы – тұтас экожүйеге кері әсер етеді.Қазақстанда да жойылып бара жатқан түрлер аз емес. Мәселен, қарақұйрық, аққу, барыс, құлан, дуадақ сынды жануарлар мен өсімдіктер Қызыл кітапқа енгізілген. Оларды сақтау үшін қорықтар, ұлттық парктер, зоологиялық бақтар мен ғылыми орталықтар жұмыс жүргізуде. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің мекені. Қорық аумағында жойылып бара жатқан құлан, қарақұйрық, шөлге бейім өсімдіктер ерекше қорғауға алынған. Сонымен қатар, қорықта экологиялық ағарту, ғылыми бақылау және табиғатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

М.Байжігітов,
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы РММ-нің
қоғаммен байланыс жөніндегі маман

20 маусым 2025 ж. 76 0