Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғалған тілдер жайлы не білеміз?

Жоғалған тілдер жайлы не білеміз?

Тіл – адам мен адамның, ел мен елдің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін қажетті құрал. Әлемде қанша ұлт болса, сонша тіл болады. 

Бүгінгі таңда әлемде 6500-ден астам тіл бар. Бірақ бұл тілдердің 2000 шақтысы «өлі тілдер» қатарына еніп, жойылып жатыр. Әлемдік зерттеу нәтижесінде әр 15 күн сайын бір тіл жойылатыны анықталған. Оның жойылып кетуіне тікелей себепкер – сол тілде сөйлеуші халық жойылып кетуі немесе өзге тілдің ықпалына еніп, өз тілінен айрылып қалуы.
Мәселен кет тілі жайында не білесіз? Бұл қазіргі кезде жоғалып бара жатқан тілдер қатарына кіреді. Ол тілде бар жоғы 200-дей ғана адам сөйлейді. Кет тілі Сібір жазығында сақталған ауылдарда ғана қолданылады.
Тілдердің жойылып кетуіне дәлел ретінде Австралиядағы жағдайды алып көрейік. ХХ ғасырдың бас кезінде бұл құрлықта 400-ден астам тіл болған. Бірақ қазір тек қана 25-тей тіл сақталған. Бұл – үлкен өзгеріс. Ал Африкада 1400 тілдің 600-ге жуығы жоғалып кету қаупінде тұр. Солтүстік Шығыс Азияда орыс тілінің ықпал етуінен 47 тілдің ішінде тек тіл ғана сақталған. Бұл тілдер державасындағы шайқас деуге де болады. Ал Тайваньда қытай тілінің көп қолданылуынан 23 тіл құрып кеткен.
Ғамлымдар 2100 жылға дейін әлемде 3500-дей тіл қолданыстан шығады деп отыр. Оған себеп әлемде өз тілінде сөйлеуші халықтың өзі құрып, жойылып жатқаны. Ауған еліндегі тирахи тілінде сөйлейтін 70-ақ адам қалған.
Тіл өлсе, онымен бірге халық та өледі. Камерун елінде 1995 жылы 5 қараша күні касаба тілі өлді деп жарияланды. Өйткені сол жердегі Момбила ауданында тұратын Богон есімді азамат қарашаның 4-і күні дүние салған. Ал ол адам сол касаба тілінде сөйлеуші соңғы адам болған.
Ал дүниежүзінде 100 миллионнан астам қолданушысы бар 8 тіл тірі әрі дамып келе жатыр. Олар: қытай, испан, ағылшын, бенгал, хинди, португал, орыс және жапон. Бұл тілдерде 2 миллиард 400 миллион адам сөйлейді.​https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/40533​​​
24 қараша 2019 ж. 4 602 0