ДАМЫҒАН ТІЛДЕР ҚАТАРЫНА ҚОСАТЫН ҚАДАМ

Халықтың сын-пікірлері ескеріле отырып, Елбасы жарлығымен халыққа ұсынылған жаңа әліпби алдыңғы нұсқаларға қарағанда әлдеқайда тиімді екенін көрсетті. Жаңа латыннегізді жазуға ғалым ретінде ішінара жеке пікірлерім болғанымен жалпы қолданыс үшін қолайлы екеніне келісемін. Негізінен, әліпбиде әріптер саны аз болған сайын мінсіз бола түседі. Мысалы, латын графикасында 26 әріп болса, соны ағылышандар ғана өзгеріссіз толық игерген. Ағылшын тілінің кең ауқымды қолданылатынының да бір себебі сол.
Жаңа әліпби қабылданғанымен оның толықтай жалпыхалықтық қолданысқа енгізу оңай жұмыс емес. Сондықтан көпшілік бұған бір кісідей атсалысуы қажет.
Аман АБАСИЛОВ, филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры.