Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдасбеков латын әліпбиі туралы: Халық соңғы нұсқаны көріп, сабасына түскен сияқты

Жолдасбеков латын әліпбиі туралы: Халық соңғы нұсқаны көріп, сабасына түскен сияқты

Қазақ тіліне негізделген латын әліпбиінің жаңа нұсқасына қатысты ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Латын әліпбиіне көшудің уақыты келді. Алдымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бірден Парламенттің төрінде талқыланды. Бірақ бұрынғы әліпбидің көптеген кемшілігі болды. Кейін мамандар әліпбиді қайтадан қарады. Менің пікірімше, бұл әліпбимен қазақ тілінің мамандары айналысуы керек. Мұны саясатқа айналдырмау қажет», - деді қоғам қайраткері ОҚК-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, Елбасы аталған мәселеге назар аударып, халықпен ақылдасқанын атап өтті.
«Нәтижесінде өткен жылдың қазанында бұл әліпби бекітілді. Дегенмен оның кемшіліктері болды. Ноқаттар көбейіп кетті. Тіпті кейде бір сөздің өзінде 7 ноқат пайда болды. Бұл мәселе қайтадан қоғамда талқыланды. Мамандар аталған мәселеге араласып, кеше ғана қосымша Елбасының Жарлығы шықты. Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі пайда болды.«Оны көріп барлығы сабасына түсіп, өздеріне келген сияқты», - деді Мырзатай Жолдасбеков.

20 ақпан 2018 ж. 1 682 0