Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су –тоғандарды тазалау күні

Су –тоғандарды тазалау күні

Су – тіршілік көзі. Таза су – таза болашақ.Су – адамзат өмірінің ажырамас бөлігі. Бірақ соңғы жылдары су көздерінің ластануы, тұрмыстық қалдықтардың көптеп төгілуі, экологиялық мәдениеттің төмендігі табиғи су тоғандарына қауіп төндіруде. Осыған байланысты жыл сайын елімізде Су тоғандарын тазалау күні ұйымдастырылады. Бұл күннің басты мақсаты – халықтың назарын су айдындарының тазалығын сақтауға аудару, экологиялық сананы арттыру және қоршаған ортаны қорғауға шақыру. Тазалық акциялары барысында көл, өзен, арық, тоған жағалары тазартылып, пластик, тұрмыстық қалдықтар жиналады. Мәселен, *Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы* жыл сайын осы күні Арал маңындағы кіші су айдындары мен көлтабандарда тазалық жұмыстарын жүргізеді. Қорық қызметкерлері мен еріктілер бірлесе отырып, табиғатқа жанашырлық танытады. Сонымен қатар, оқушылар арасында экологиялық тәрбие сабақтары, сурет байқаулары мен табиғат серуендері өткізіледі. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Ал судың таза болуы – адамдардың өзіне байланысты. Суды қорғау – болашақты қорғау. *Таза су – жарқын өмірдің кепілі!

М.Байжігітов,
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы РММ-нің
қоғаммен байланыс жөніндегі маман
20 маусым 2025 ж. 73 0