Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады
Арал қаласы әкімінің сайлауы барысында №44 сайлау учаскесіне 90 жастағы қарт сайлаушы Анапия Беймағамбетқызы Серікбаева келіп, өз таңдауын жасады.Қарияның сайлауға қатысуы ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Аға буынның белсенділігі кейінгі ұрпаққа үлгі болып, қоғамдық-саяси өмірге қатысудың маңызын айқындай түседі.
Анапия әжейге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!










