Елімізде егіздер мен үшемдер көбіне қай өңірде дүниеге келеді
Фото: stat.gov.kz2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем тіркелді. Бұл кезеңде төртемдер тіркелмеген.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады – 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175).Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген.2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті.
Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.
Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келгенін жазған едік.
Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды.
syrboyi.kz









