Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жағажайдағы қауіпсіздік қатаң бақылауда

Жағажайдағы қауіпсіздік қатаң бақылауда

Қамбаш көлінің жағалауында кәсіпкерлер мен демалушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға аудан әкімдігінің, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігі, су айдындарында талаптарды сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, санитариялық талаптарды орындау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Азаматтарды өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырамыз.

23 маусым 2026 ж. 52 0