Желтоқсаншы аралдық қыз, №220 орта мектептің тілегі Айнаш ӨТЕПБЕРГЕНОВАҒА
(Астана күніне орай мерекелік арнау)
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан аралдық қыз, №220 орта мектептің тілегі
Айнаш ӨТЕПБЕРГЕНОВАҒА
Желтоқсанның жел қағынған күндері,
Қыстан суық қақсалдардың түрлері.
Қос ызғардың өтіндегі Айнаштың
Есінде әлі ұлы топпен жүргені...
Тасталды ма қияметтің қармағы,
Жын-перідей қиғылықты салғаны.
Сонда көрді компартия лаңын,
Үзілмегей бойжеткеннің арманы.
Құлағандай қара бұлттан жай тасы,
Өмірменен болды өлімнің айқасы...
Сұм солдаттың соққысынан таяқ жеп,
Жылап тұрды-ау Аралымның Айнашы.
...Жо-жоқ, Айнаш бұл күресте сынбапты,
Дабыл соққан дәуір үнін тыңдапты,
Қазағының ақ таңына сенген соң,
"Елім, жерім, ұлтым!" деп ол үн қатты.
Көтерді ару қасаң кезең қом-жүгін,
Жібіте алды қатқан жүрек тоңдығын:
Ұрпақ жайып, дөңгеленткен кәсібін,
Шиеліде шырайлы әже ол бүгін!
Ерғали АБДУЛЛА,
"Арал әлемі" газеті, 2026 жыл.











