Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

tolqyn.kz. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, "Арал әлемі" газетінің редакторы,ардагер ұстаз, қарымды қаламгер Ерғали Абдулланың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Ұ.Қараманов атындағы N262 мектеп-гимназиясында «Ақылды бейсенбі» жобасы өткізілді.Ал, «Айсәуле» балалар шығармашылық орталығында қаламгермен кездесу кештері ұйымдастырылды.
Өңірдегі мақтан тұтар ел ағаларымен, түлектерімізбен, кәсібін дөңгелетіп Арал халқы үшін қызмет жасап жүрген тұлғаларды оқушыларымызға танытып, дәріптеуге, олардың өмір жолын насихаттауға арналған «Ақылды бейсенбі» жобасы- ардагер ұстаз, жазушы, ақын, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, "Арал әлемі" газетінің редакторы, қарымды қаламгер Ерғали Абдулла ағамызға арналды.

Бұл күні Ерғали ағамыздың дара жолы насихатталып, өлеңдері сахна төрінде жатқа оқылды. Рухани азық болған шара барысында Ел ағасымен қызықты сұқбат болып, қаламгер шығармашылыққа толы өмірлік тәжірибесімен бөлісті, оқушыларымызға жақсы кеңестер айтты. Мотивацияға толы, қызықты сұқбаттың куәсі болған оқушылар, шара соңынында қонақпен бірге естелікке суретке түсті. Өз кезегінде Ерғали ағамыз шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған ұжым мүшелеріне, жүргізушіге жүрек жарды лебізін білдіріп, өзінің бірқатар туындыларын кітапхана қорына сыйға тартты.
«Айсәуле» қаладағы балалар шығармашылығын дамытуға арналып ашылған  жалғыз орталық. «Балалар жылы»аясында  осында өнер үйреніп, білім алып жатқан оқушыларға түрлі шаралар, байқаулар, мерекелік думандар өткізіп келеді.
Жуырда қаламгердің «Аралдың адамдары» атты кітабы жарық көруіне байланысты Қалалық балалар кітапханасымен бірігіп кездесу кешін өткізді. Кешке кітап авторы Ерғали Абдулламен бірге, аталмыш кітапқа кейіпкер болған—"Толқын" газетінің бас редакторы, ақын Абай Елеш, №220 мектептің ұстаздары, талантты жас ақын Дархан Аманжолұлы, өнер жанашыры Салтанат Жаңабергенова, №64 мектеп директорының орынбасары Гүлжайна Бәтімовалар қатысты.
Кеш қонақтары  оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мерекелік әзіл арнаулар мен эпиграммаларын оқыды.
Тағылымды шарада «Айсәуле» балалар шығармашылығы орталығының бүлдіршін бишілері биден шашу шашып, «Көркемсөз» үйірмесінің балалары автордың кішкентайларға арнаған өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
"Толқын" газеті
28 қараша 2022 ж. 739 0