Қазақстанда 44 градусқа дейін қатты ыстық болады
Қазгидромет 23, 24, 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Қазақстан аумағы арқылы жылжып бара жатқан солтүстік-батыс циклоны әсерінен елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ болжанып отыр. Бұл ауа температурасы төмендеуіне де әсер етеді.
Алайда Қазақстанның батыс өңірлеріне Иран аумағынан ауа массалары ығыса бастайды. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.
Күндіз 34-39 градусқа дейін, ал кейбір жерлерде 40-44 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Фото: massaget.kz










