Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасауға тыйым салынады

Белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасауға тыйым салынады

Арал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Арал қаласының орталық базар аумағында белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасауды болдырмау мақсатында, рейдтік шаралар жүргізіліп, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жасалды.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 204-бабына сәйкес, белгіленген орындардан тыс жерлерде сауда жасау - ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын ескертеміз.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта тұрақты жүргізілетін болады. Осы орайда кәсіпкерлерге қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасауға тыйым салынатындығын хабарлаймыз.

«Арал қаласы әкімінің аппараты»

23 шілде 2026 ж. 46 0