Орманды өрттен қорғайық

– Орман-тоғайларда болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды;
– Шабындықтар мен жайылымдарда, егістік жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай тұрып, кез келген жерден от қойып, тазартуға тыйым салынады. Өзен-көл жағасында демалыс кезінде жаққан отқа абай болып, оттың толық сөндірілгендігін қадағалауды, тұрмыстық қалдықтарды арнайы жерді қазып, көму керектігін;
– Автокөлік, темір жол бойларындағы қорғаныштық ормандар мен жекелеген ағаш-бұталарды, жас ағаштар мен өскіндерді сындыруға, бүлдіруге жол бермеуді;
– Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен, зақымдаған, сындырған азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес (1 АЕК-3063 теңге).
Ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу
1. Ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
2. Өрттің шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе;
– жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
3.Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер:
– жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Орман және жануарлар дүниесі – біздің баға жетпес байлығымыз. Оны аялау, қорғау, сақтау, келер ұрпаққа бүлдірмей жеткізу – баршамыздың борышымыз.
Ә. АХМЕТОВ,
«Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға өрт сөндірушісі