
Бүгін аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі, аудандық санитарлық-эпидемиологиялоқ бақылау басқармасы, аудандық полиция бөлімі және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қала әкімдігінің мамандары бар жұмысшы тобы базарлар және сауда үйлерін, қоғамдық тамақтану орындарын, сондай-ақ базар маңындағы белгіленбеген орындарда кәсіпкерлермен тілдесіп, заң талаптарын сақтау жөнінде арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандағы сауда орындарының санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі, сәулет құрылыс талаптарына сәйкестігі, жабдықталу жай-күйін зерделеу мақсатында жұмыс жүргізген жұмыс топ қаладағы орталық базарда бірқатар сауда нүктелерін аралады.