Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Бүгін аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Қаратаев пен аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж. Қуатов аудандық ауыл шаруашығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде бірқатар кездесулер өткізді.
Басқосуда Ж. Қаратаев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге заңмен ойын бизнесіне қатысуға тыйым салынғанын атап өтті.
Ол елімізде соңғы жылдары құмар ойындарға тәуелділік пен лудоманияның кең етек алып келе жатқанына да тоқталып өтті. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілерге заңмен ойын бизнесіне қатысуға қатаң тыйым салынғаны, сондай-ақ, осындай тәуелділіктің қызметтік этика мен қоғамдық абыройға төндіретін қатерін кеңінен түсіндірді.
Мұнан соң, Ж. Қуатов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарға тоқталды. Ол орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарға мысал келтіре отырып, мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заң талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан пікір алмасу болып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң талаптарын бұзбау, әдеп нормаларын сақтау сынды ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
05 сәуір 2025 ж. 66 0