Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп жөніндегі өкіл жиын өткізуде

Әдеп жөніндегі өкіл жиын өткізуде

Аудан әкімдігінде заң талаптарын түсіндіру бағытында басқосу өтті. Жиынды аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Қаратаев жүргізді.
Аталған шараға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім мамандары және қала, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Жиын барысында Әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын орындау, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында және оның алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатаң шаралар қабылдау керектігі айтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста мемлекеттік қызметшілерге қойылатын, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау жөніндегі талаптары да ескерілді.
Аталған жиналыс тапсырмалары мен ұсыныстары хаттамаға енгізіліп, орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөліміне жүктелді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
01 ақпан 2024 ж. 280 0