Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер қоғамдық кеңес қарауында

Маңызды мәселелер қоғамдық кеңес қарауында

Жақында болған қоғамдық кеңестің кезекті отырысында аудандағы маңызды мәселелер талқыланды.
Қоғамдық кеңестің отырысына аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы,Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі және Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы Балпаш Елдос Арғынбайұлы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекттік қызметтер басқармасының бас маманы Тілепбаева Динара Нұрланқызы қатысып, кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Алдаберген Жоланов басқарды.
Кеңестің басты назарында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және алдағы міндеттері туралы мәселелер, аудандағы көрсететілетін медициналық қызметтердің сапасы туралы және төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын тудырмау жөніндегі мәселе болды.
Алғашқы мәселе бойынша Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысыШ.Есжанов баяндама жасап, өз жоспарымен бөлісті.
Аудандағы медициналық қызмет көрсетудің сапасы туралы Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Л.Әділбаева хабарлама жасап, міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыстары және ауылдық елдімекендегі медпункттардың жұмысын бақылауда ұстау туралы ойын жеткізді.
Соңғы мәселе бойынша Арал ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Шакен баяндама жасап, төтенше жағдайлар ұдайы бақылауда болатынын және жасалып жатқан жұмыстар жалғасын табатынын айтты.
Кеңес қорытындысында Алдаберген Жоланов сөз сөйлеп, тыңдалған хабарламалар қаперге алынып, алда жүйелі жұмыстар жүргізілетін жеткізді.
«Толқын» ақпарат
05 сәуір 2024 ж. 190 0