Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы түзеу мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Қызылордадағы түзеу мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Kyzylorda-news.kz Қызылордадағы түзеу мекемесінің кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушілердің рухани дамуына бағытталған игі шара ұйымдастырылды. «Жігер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Джумадилаев мекеме кітапханасына 120-ға жуық жаңа кітапты тарту етті. 
Сыйға берілген кітаптардың қатарында қазақ және орыс тілдеріндегі поэзиялық жинақтар, өлеңдер, қара сөздер, көркем шығармалар, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті ақын-жазушылары мен жырауларының еңбектері бар. 
Қолданысқа берілмес бұрын барлық кітаптар мекеменің жедел бөлімімен тексеріліп, мекеменің мөрі басылды. Енді жаңа әдебиеттер мекеме кітапханасының қорын толықтырып, жазасын өтеушілердің игілігіне ұсынылмақ. 
Кітапхананың жаңа қорымен танысқан сотталғандар демеушілік көрсеткен «Жігер» қоғамдық бірлестігіне алғыстарын білдірді. 
– Кітап – адамды ойландырып, өмірге деген көзқарасын өзгертетін ең жақсы құралдардың бірі. Мұндай шығармаларды оқу арқылы өзімізге қажетті ой түйіп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік аламыз. Кітапхана қорын толықтыруға үлес қосқан азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін, – дейді жазасын өтеушілердің бірі.
Мұндай игі бастамалар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және олардың рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуына оң ықпал етеді.
Сурет: Polisia.kz
23 шілде 2026 ж. 52 0