Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Діни сауаттылық – діл діңгегі

Діни сауаттылық – діл діңгегі

Бүгінде әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі – діни экстремизм мен терроризм. Бұл құбылыс қоғам тұрақтылығына, азаматтардың қауіпсіздігіне және мемлекет тұтастығына үлкен қауіп төндіреді.
Ең тиімді жолдардың бірі – халықтың діни сауаттылығын арттыру.Мұндай шаралардың басты мақсаты – радикалды діни ағымдардың белгілерін түсіндіру және олардың қоғамға қауіпті тұстарын ашық көрсету.
Соған сәйкес Арал ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Арал ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында бірқатар ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Шара Арал қаласы, Аманөткел және Қамыстыбас ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. Кездесулерге тұрғындар, ақсақалдар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және жастар қатысты.
Теолог мамандар жалған діни ағымдардың қауіптілігі, діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар тұрғындармен адрестік кездесулер өткізіліп, азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, жеке түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және жастардың дұрыс дүниетаным қалыптастыруына өз үлесін қосады.
Қоғамның тұрақтылығы мен елдің тыныштығы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан діни экстремизмнің алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, жалпы қоғамның ортақ міндеті.
К.ӨТЕПБЕРГЕН




28 шілде 2026 ж. 39 0