Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі

Кітапханада жастар арасында «Діни экстремизм мен терроризмге идеологиялық тұрғыдан қарсылық жөніндегі» іс-шаралар жоспары әзірленіп, соған сәйкес шаралар кешені ұйымдастырылып келеді. «Жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамыту» атты семинар, «Жастар діни экстремизмге қарсы» ғылыми жоба,сондай-ақ, жыл бойы жүйелі түрде Орталық мешіт қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дәрістер ұйымдастырылып отыр.
Жастардың теріс пиғылды діни идеологияны қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған, осындай мазмұнды шаралар жастарымыздың дұрыс көзқарастарын қалыптастырып, дәстүрлі дінімізді ұстануға өз ықпалын тигізіп келе жатқанын атап айтуға болады.Мұндай профилактикалық жұмысты жастар арасында жүргізу өте маңызды, өйткені әртүрлі факторлардың әсерінен әртүрлі антиәлеуметтік және қылмыстық топтардың теріс әсеріне ұшырау тұрғысынан бұл ең осал болып табылатын орта. Сондықтан ақпарат көзі кітапханалар қызметінің басты бір бағыты, жастарды діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы хабардар ету, патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.Басып айтып өтетін жайт, түрлі діни ағымдардың өкілдері әлеуметтік желілерде ұтымды пайдаланады. Олардың қатарында тәкбіршілік, хизбутшылық, құраншылдық, уахабшылдық, салафизм сияқты неше түрлі бағыттар бар. Олардан өте сақ болып, барынша бойларын аулақ салуы өте маңызды. Бала – ата-анаға аманат. Отбасылық тәрбиенің де алар орны ерекше екенінде атап кеткеніміз жөн. Ұрпағымызды өз дініне, салтына, әдет-ғұрпына бейімдеп үйрететін болсақ, олар адаспайды Бүгінде негізгі ақпарат көзі – интернет. Өкініштісі, әлеуметтік желіге әркім ойына келгенін салады. Жалған мәліметтердің жолында адасып кетіп жатқан жастарымыз қаншама.
Даналық мектебі болған Төле би бабамыз: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», – деген. Отбасында осындай асыл қасиеттер болса, ол шаңырақтан өрбіген ұрпақтың экстремизм мен террорлық қадамға баруы екі талай.Бүгінгі таңда жастар экстремизмі қоғамдағы мінез-құлық ережелеріне, жалпы заңға, заңсыз сипаттағы бейресми жастар бірлестіктерінің пайда болуына немқұрайлы қараудан көрінеді. Сондықтан, «Жастар көбіне қандай бағыттардың құрбанына айналады?», «Жат ағымдардардың құрбанына айналмауының алдын алу үшін не істеу керек?» тағы басқада осы сияқты сұрақтар әр адамды ойландыруы керек. Діни экстремизм, терроризмге, байланысты мәліметтер айтылып , лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі кездегі діни ахуалы жайында мағлұмат берілуінің өзі, атаулы жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау керектігін ұғындырады. Баршаңызды күні бүгінге дейін атқарылып келген іргелі істермен бірге, алдағы күндердің басты міндеттердің бірі экстремизм мен лаңкестікке қарсы бағытталған іс-шараларға жұдырықтай жұмылып, жастардың діни сауаттылығын арттыруға шақырамыз.
Мейрамкул УТЕГЕНОВА
қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі