Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымдар
Қазіргі таңда, діни радикализмнен туындайтын экстремистік және террорлық әрекеттер белгілі бір елдер мен аймақтардың шекарасынан шығып, әлемдік қауымдастықтың бас ауруына айналған мәселеге болып отыр. Қазақстан осындай шетін әрекеттердің алдын алу мақсатында әлемдік қауымдастықпен бірлесе отырып жүйелі жұмыстар жүргізуде. Елімізде экстремистік және террорлық әрекеттерге қарсы пәрменді жұмыстар жүргізуге арналған тиісті заңнамалық және институционалдық тетіктер жасақталып, мүдделі мемлекеттік органдар өз құзіреттеріне сәйкес сол бағытта іс-шараларды іске асыруда.Осы орайда барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар діни радикализм, экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» шеңберінде мемлекеттік органдармен бірлескен және кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.
Еліміздің кең жұртшылығы арасында жүргізіліп отырған ауқымды ақпараттық, ағартушылық, түсіндіру жұмыстарының арқасында бүгінгі күнде қоғамымызда шынайы дін мен теріс діни ағымдардың аражігін ажыратата алатын және діни радикализм мен экстремизмді қабылдамайтын сана қалыптасты десек артық емес. Бұл – мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен белсенді ұстанымдағы азаматтардың ұзақ жылдар ішіндегі күнбе-күнгі жұмыстарының нәтижесі.
Осы орайда, соңғы 15 жыл ішінде еліміздің аумағындағы көптеген деструктивті ұйымдардың қызметіне тыйым салынды. Бұл да мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстардың бірлескен нәтижесі. Осы орайда біздің еліміздің сот органдарымен тыйым салынған экстремистік және террористік топтардың Біріккен ұлттар ұйымының қарарымен, көптеген және жекелеген мемлекеттердің заңдарымен қауіпті деп танылып, олардың қызметтеріне тыйым салынғанын айта кету керек.
Құрметті, Ағайын. «Қой терісін жамылған қасқырларды» біле жүрейік!
Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етуге тыйым салынған лаңкестік, экстремистік және діни ұйымдардың тізімі:
І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде қызметіне тыйым салынған ұйымдар:
«Аль-Каида».
«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс».
«Өзбекістандағы исламдық қозғалыс».
«Күрд Халық Конгресі».
ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйымдар:
«Асбат аль-Ансар».
«Братья-мусульмане».
«Талибан» қозғалысы».
«Боз гурд».
«Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты».
«Лашкар-е-Тайба».
«Әлеуметтік реформалар Қоғамы».
ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
«Хизб-ут-Тахрир»ұйымы.
ІҮ. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйымдар:
«АУМ Синрикё».
«Шығыс Түркістан азат ету ұйымы».
Ү. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
«Түркістан ислам партиясы».
ҮІ. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
«Алля-Аят».
VIІ. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
«Ата жолы».
VІІI. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
«Джунд-аль-Халифат».
ІХ. Шығыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
19.«Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдақ бірлестігі.
Х. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
«Таблиғи джамағат».
XІ. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйым:
«Ат-такфир уәл-хиджра».
XIІ. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйымдар:
«Ислам мемлекеті».
«Ан-Нусра фронты».
Дереккөз: Uzyn.kz