Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «110 қауырт желісі» - террористтік қауіптердің алдын алу!

«110 қауырт желісі» - террористтік қауіптердің алдын алу!

Бұл жобаның басты мақсаты – террористік қауіптердің алдын алу болып табылады. Қазақстанның кез-келген түпкірінен азаматтар «110» нөміріне қоңырау шалған жағдайда, мәлімет аумақтық орналасуына байланысты ҰҚК Департаментінің кезекші қызметтеріне келіп түседі.  
«110 қауырт желісі» ең алдымен, діни экстермизм мен терроризм идеологиясын насихаттау және тарату, дәстүрлі емес радикалды діни ағымдар мүшелерін оқыту, терроризмге дайындық, оны қаржыландыру, қаруландыру, оқыту немесе террористтік актілерді ұйымдастыру туралы анықталған фактілер бойынша жедел хабарламаларды қабылдауға арналған.
Құрметті азаматтар! Егер де сізге жоспарланып жатырған террорлық акт қаупі белгілі болған жағдайда, радикалды көзқарастағы тұлғалар тарапынан иландыру, қатарларына тарту қадамдары орын алса немесе өзге адамдарға аталған әрекеттер жасалып жатқанына куәгер болсаңыз, сонымен қатар кімде-кім терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиет пен ақпарат таратқаны туралы хабардар болсаңыз, шұғыл түрде «110» нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
Сіздің қоңырау шалғаныңыз – қатердің алдын алу үшін маңызды!
05 тамыз 2019 ж. 1 653 0