АУДАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Ақтөбе облысында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтармен жұмыс жасап жүрген білікті мамандар ауданнан барған делегация мүшелерімен кездесіп, жұмыс барысы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы тұлғаларды дәстүрлі дінімізге бейімдеу мақсатында түрлі нәтижелі жұмыстар жүргізу жөнінде екі жақ өзара пікір алмасып, нақты мәселелерді талқылады.