Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық әйел: Балаларым Түркияға демалуға кетіп, Сириядан бір-ақ шықты

Қазақстандық әйел: Балаларым Түркияға демалуға кетіп, Сириядан бір-ақ шықты

Қазақстандық әйелдің ұлы Сирияда көз жұмған. Алайда таядуа келіні мен төрт немересі отанына қайтып оралыпты. Ол балаларының соғыс аумағына қалай тап болғанын айтып берді

«2015 жылы балаларым демалу үшін Түркияға кетті. Арада бір ай өткеннен кейін бұл жаңалықты естіп, төбемізден жай түскендей болды. Менің отбасым, балаларым – зайырлы адамдар. Ұлым ислам дінін ұстана бастағанға дейін бұл тақырып туралы сөз де болмайтын. Ол аз уақыт ішінде өзгеріп кетті. Мен «зомбиға айналдырды» деген сөзді диі естимін. Алайда мұны қалай жасауға болатынын түсінбеймін. Оның жоғары білімі, қызыл дипломдары, алтындай баласы бар. Ол ата-анасынан аттап өтеді деп ешқашан ойлаған емеспін», - дейді әйел. 
Ол бұл жағдайдың ата-анасымен кеңеспестен кетіп қалуды ұйғаратын кез келген адам үшін сабақ болатынын айтты. 
«Келінім мен немерелерімнің қайтып оралуы – керемет жағдай болды. Және бұл біздің мемлекетіміз атқарған үлкен жұмыс. Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, балаларымызға мүмкіндік беруін сұрағанымызда, бас тартылған жоқ. Атқарылған барлық жұмыс үшін алғысымыз шексіз және балаларымыздың қайтып оралғаны үшін қуаныштымын. Алда олармен әлі де жұмыс істеу керек».
«Бұл өмірде бәрі де қателесуі мүмкін. Оның үстіне, олар – жас. Жағдайды түзетуге мүмкіндік берілетін кездер сирек. Алайда түзелуі үшін мүмкіндік беру маңызды. Менің келінім 2017 жылы хабарласып, отанына қайтып оралуы үшін көмек сұраған еді. Көп адам біздің қайғымызға ортақтасып, көмек қолын созды. Біреулерге олар ұшып келгендей, жай ғана алып келгендей болып көрінуі мүмкін. Алайда ол жақта өте қауіпті, ол жақта соғыс», - дейді әйел.
http://stan.kz
14 мамыр 2019 ж. 644 0