Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлме өсімдігінің адамға қандай әсері бар?

Бөлме өсімдігінің адамға қандай әсері бар?

Бөлме өсімдігінің адамға қандай әсері бар? Үйдегі өсімдіктің энергия тарататыны қаншалықты рас? Сұрағымызға ботаник, экзотик өсімдік өсіру жөніндегі маман Марина Панаскина жауап берді.Бөлме өсімдіктері мен бақыт ұғымы арасында қандай байланыс бар?
Ботаниктің айтуынша, бөлме өсімдігі ауаны тазартуымен, иісімен ғана пайдалы.
Өсімдік атаулы көңіл-күйге, үйдегі энергияның нашарлауына және қаржы жағдайының жақсаруына еш әсер етпейді. Тіпті, көпшілік жақсы көретін спатифиллум гүлінің “Әйел бақыты”, “Ер бақыты” деген жанама атауы бар. Дәл осы атаулар халық арасында кең тарап, адамдар осы гүлдің үйге бақыт алып келетініне сенетін болған. Өсімдік адамның бақытына, жеке өміріне әсер етпейді. Ол тек ауаны тазартып, жағымды иісімен тыныштандырады. Мысалы, қылша өсімдігі (хвойник) ауаны тазартады, мирта тұқымдас өсімдіктер ауадағы бактерияларды өлтіреді, – дейді ботаник.
Бөлме өсімдігінің денсаулыққа қандай әсері бар?
Марина Панаскинаның айтуынша, өсімдіктің әсері әр адамның денсаулығына байланысты. Кей адамда жасыл желектен аллергия болады. Мұндай жандар өздеріне қай өсімдіктің жағымды екенін анықтап алғаны дұрыс.
Мысалы, жасминнің иісі шығып тұрады. Демікпесі бар, тыныс жолдары қабынған адамға оның кері әсері болуы мүмкін. Жүйке жүйесін тыныштандыруға қазтамақ гүлі (герань) жақсы. Күн сайын қазтамақты 10-15 минут иіскесе, жүйке тыныштанады. Бірақ оның иісі бәріне ұнай бермейді, – дейді маман.
Бөлме гүлін таңдағанда нені ескеру керек?
Өсімдікті таңдарда дүкендегі кеңесшімен ақылдасқан жөн. Олар туралы екінің бірі біле бермейді. Ең бастысы – улы болмағаны. Маманның айтуынша, өсімдікті сатып алмас бұрын үйдегі температура мен жарықты ескеру керек.
Бөлме өсімдігін сатып аларда үйіңізге Күн сәулесі қаншалықты түседі, температура орташа ма – бәріне мән берген дұрыс. Ылғал климатқа қырыққұлақтектес гүл ғана жарамаса, басқа өсімдік өсе бермейді. Құрғақ климатқа суккуленттер мен кактус шыдайды. Орташа климат жағдайында барлық өсімдік өседі. Тек қажетінше ылғалдандырып, су бүркіп тұруға тура келеді. Егер өсімдікке жарық қажет мөлшерде түспесе, шамның жарығы қолданылады. Ең бастысы – өзіңізге ұнаған өсімдікті таңдаңыз. Үй иесіне ұнамайтын гүл дұрыс өспейді, – дейді Марина Панаскина.
https://baribar.kz​​​

14 мамыр 2019 ж. 1 890 0