Қарыз өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді
Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Г-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 300 000 теңге қарыз алып, қарыз ақшасының 15 000 теңгесін қайтарып, қалған қарыз ақшасын қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы соттан алажақ 285 000 теңге қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.Алайда, сотқа тараптардан азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және медиативтік келісімді бекіту туралы өтініш түскен.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 285 000 теңге қарызын және өкілдің көмегіне төленген 28 500 теңге сот шығысын 2026 жылдың тамыз айынан бастап 2027 жылдың қазан айы аралығында әр айдың 30-на ай сайын 20 000 теңгеден, 2027 жылдың қараша айында 13 500 теңгені төлеуге міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.
Арал аудандық соты










