Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер Қ-дан алажақ қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан қарыз ақша алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы соттан алажақ қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Аталмыш істі сот талқылауына дайындау барысында судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген. Осыдан соң тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге бет бұрып, сотқа өзара жасасқан медиативтік келісімдерін бекіту үшін ұсынған.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын талап қоюшыға ай сайын өз ара келісілген мөлшерде төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Осыған орай, сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісімнің шарттарын бекіту және іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым қабылданды.

Арал аудандық соты
12 сәуір 2024 ж. 249 0