Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық сотында семинар өткізілді

Арал аудандық сотында семинар өткізілді

3 тамыз 2026 жылы Арал аудандық сотында сот төрағасы Р.Алдамбергеновтың төрағалық етуімен, «Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық жасау туралы» Заңды қолдану мәселелері, сондай-ақ жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру институттарын қолдану тәжірибесіне қатысты  семинар өткізілді.Шараға аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімінің және аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Төрағалық етуші «Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық жасау туралы» Заңды сот тәжірибесінде қолданудың өзекті мәселелеріне тоқталды.
          Жиынды қорытындылай келе, төрағалық етуші рақымшылық туралы заңды және қылмыстық заңнаманың өзге де нормаларын қолдану кезінде заңдылық қағидаттарын қатаң сақтау, құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
         Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Арал аудандық соты
06 тамыз 2026 ж. 66 0