Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қауіпсіз үй» – отбасы тыныштығының кепілі

«Қауіпсіз үй» – отбасы тыныштығының кепілі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2026 жылғы 7–8 тамыз күндері республика көлемінде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, қауіп-қатер тобындағы азаматтарды анықтау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Осыған орай, Арал аудандық полиция бөлімі аудандық прокуратура, аудандық білім бөлімі, Отбасын қолдау орталығы, әлеуметтік қорғау саласының мамандары, психолог және кәсіби медиаторлардың қатысуымен бірлескен кездесу өткізді. Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жанжалдардың туындауына жол бермеу, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары мен мүдделі мекеме өкілдері халықпен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, қолайсыз жағдайдағы отбасыларға барып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, қажетті құқықтық және психологиялық кеңестер берілуде.

Арал ауданы полиция бөлімі аудан тұрғындарын отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті сақтауға шақырады. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісіне куә болсаңыз немесе осындай жағдайға тап болсаңыз, уақыт оздырмай полицияға хабарласып, заң аясында көмек алуға болады.

Арал ауданы полиция бөлімі
07 тамыз 2026 ж. 39 0