Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай өңірде аптап ыстықтың беті қайтады?

Қай өңірде аптап ыстықтың беті қайтады?

Қазгидромет 13, 14, 15 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына бірнеше барикалық түзіліс әсер етеді. Алдымен солтүстік циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжиды. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кейбір жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін.

15 тамызда антициклон жылжи бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде күн ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +37…+42 градусқа дейін көтеріледі.

Фото: depositphotos.com
12 тамыз 2026 ж. 55 0