Көлік құралын тіркеусіз басқарған
Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқарған. Оның әрекеті әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамамен және басқа да іс құжаттарымен бекітілген.
ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-1-бөлігіне сәйкес осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Сот қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты











