Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген

Басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Н. 2024 жылы Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, ағымдағы жылдың 6 шілдеде көлік құралын басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Азамат Н-ның кінәсін мойындауы және іс-әрекетіне шын жүректен өкінуі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 151 375 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Арал аудандық соты
17 шілде 2026 ж. 51 0