Қазақстанның бірқатар өңірінде күн салқындайды: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 16 тамыз, жексенбі күнгі ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің көптеген аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.Қазақстанның бірқатар өңірінде күн салқындайды: 16 тамызға арналған ауа райы болжамы
Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.
Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +37...+39°C.
16 тамызға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның бірқатар өңірінде күн салқындайды
Оқи отырыңыз
16 тамызға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның бірқатар өңірінде күн салқындайды
9 тамызға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның кей өңірлерінде аптап ыстық сақталады
Оқи отырыңыз
9 тамызға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның кей өңірлерінде аптап ыстық сақталады
Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +27...+29°C.
Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +22...+24°C.
Атырау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +29...+31°C.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.
Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.
Павлодар – құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 15–20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.
Семей – құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынсыз, күндіз аптап ыстық болады. Жел 7–12 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +37...+39°C.
Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз аптап ыстық болады. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +24...+26°C, күндіз +38...+40°C.
Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 7–12 м/с. Түнде +7...+9°C, күндіз +23...+25°C.
Өскемен – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен шквал күтіледі. Жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +33...+35°C.
Фото: egemen.kz










