Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында негізгі шетел валюталарының теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.Kurs.kz мәліметінше, елордадағы айырбастау пункттерінде доллар 460,24 теңгеден сатып алынып, 467 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 522,44 теңге, сату бағамы – 540 теңге.
Ал рубль 5,17-5,47 теңге аралығында айырбасталса, қытай юаны 68,89 теңгеден сатып алынып, 72,94 теңгеден сатылуда.
Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 464,19 теңгеден сатып алынып, 466,67 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 532,65-537,92 теңге аралығында.
Ресей рублі Алматыда 5,23-5,38 теңге, ал қытай юаны 68,65-71,08 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айырбастау пункттеріндегі бағам күн ішінде өзгеруі мүмкін.
istockphoto










